Әркімнің өз биігі бар

Oinet.kz 08-11-2019 1876

әркімнің жетістігі бар.jpg

Әркім өз бигінде ұшады. Торғай торғайлармен ұшады. Кептер кептерлермен. Аққу аққулармен. Сұңқар сұңқарлармен. Егер сұңқар өзімен бірге ұшуға кептерді ілестіріп кетсе, екіншісі бұрын-соңды көрмеген зеңгір көкке көтеріліп, шамасы жетпес жылдамдықпен ұшуға мәжбүр болады. Ерте ме, кеш пе – әрбірі өзінің ұшу биіктігіне оралар еді.

Адамның табиғи болмысы өзгермейді. Азшылық зор дүниеге ұмтылып, өз шегінен асып түсуге құлықты болмайды. Егер өз биігіңнен түсірген қарым-қатынаста кідіріп қалсаң, сол кідірісте өзіңнің биігің мен жылдамдығыңды іркігеніңді түсінсең, қайтадан өз биігіңде ұшуға ынтаң болса - Ұш! Азшылықты орасанға айналдыратын, трансформациялайтын, өмірді қабылдаудағы қатып қалған бүкіл стереотиптің фильтрін қирататын бір ғана құдірет бар, ол – Кездесу!

Алайда Кездесу ғажабын сезінгісі келген адам алда күтіп тұрған Беймәлім өмір үшін қазір қолда барынан айырылып қалуға даяр болсын. Себебі, Кездесу – жүректі ашуға дайын болғаныңда ғана ғажап. Көңіл күй көтеріңкі кезде өмірге жүрегімізді ашамыз да, артынша сондай шешім қабылдағанымыз үшін өкініп жатамыз. Өкініп қалған адам, Өмір сүруге бел буған адам осы өкінішпен өзінің шешімінің бар нәтижесін жойып алады.

Сондықтан ешкімді күтпе. Өз биігіңде, өзіңдікілермен, өзіңдікілерге қарай ұша бер. Өзге жандардың өсіп-жетілуіне талай жылдан бері еңбек сіңірген бір танысым айтып еді: «бізді ешкім тастап кетпейді, бізден қалыс қап кетеді» деп. Сол сөзге қосарым болсын: «бізге ешкім қайтып оралмайды, санасы бар қуып жетеді».

Автор: Игумен Евмений

Аударған Шынар Әбілдә

Сиқыршының сыйлығы
Адам зиялы болуы тиіс!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу