Адыраспан шөбінің тарихы

Oinet.kz 06-11-2019 2356

ZgaimjepqlQ.jpg

Төрт шадиярдың бірі әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа бара жатады. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуады. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалады. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналады. Оспан да серіктерін ертіп, жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамбет пайғамбарға болған жайды баяндайды. Пайғамбар:

- Бұл шөптің аты қалай? - деп сұрады. Оспан:

- Мұны адыраспан деп атадым, - деді. Пайғамбар:

- Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, - деп аят оқып, шөпке дем салған екен.

Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде:

Ассалаумағалейкум, адыраспан,

Атыңды қойған екен халиф Оспан.

Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,

Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан, - деген сөз қалыпты.

"Салт- дәстүр сөйлейді" кітабынан

Қыс келсе керзі етік есіме түседі
Не үшін ата-ананың қасында аһілеп-уһілеуге болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу