Қыс келсе керзі етік есіме түседі

Oinet.kz 06-11-2019 1118

Screenshot_3.jpg

... Қыс келсе керзі етігім есіме түседі. Мектепке бұртиып қалған баулы ботинканы жегіп, үйге келгенде үйреніп қалған қара етікті қайқайтып киіп алып, размеріне риза болмасаң да әпергеніне риза болып судай жаңа етікті көктем келгенше табанын тоздырып, түрін тыржитып бірақ тастайтынбыз....Күндегі қызметін атқарып болған соң соғымның сорпасының майымен майлап, пештің қадірлі қонағы ретінде жылы желде демалдырып алып, сабақтан соң май жәйлау, хоккей ойнау деген бітпейтін қысқы" шаруаларға" кірісіп, керзі етікті қинайтын едік. 

Шайбаға кез келген домалақ пішінді затты жаратып, "клюшканы" көзбен жобалап, телевизордан көрген "оригиналына" ұқсатып, көзге түскен материалмен копиясын жасайтынбыз. Шайбаға ең қолайлысы-жылқының кәкісі еді, қыста сықиып қатып қалғанда ана керемет хоккейшілердін шайбасы әдірәм қалсын!... Айтпақшы, керзі етіктің қызмет көрсету мерзімі- көктем келгенше ғана. Артымыздағы братишкаларға бұйырмайтын, жылда жаңарып тұратын жақсы аяқ киім еді... Қалада өскендер күлмесін, кигендерің бар шығар, кимегендер күле берсін!

Жанат Байсалбекованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қауырсын
Адыраспан шөбінің тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу