Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бір әйелдің күйеуі қайтыс болып, балаларымен жесір қалады.
Отағасының орны ойсыраса да, есімі өшпес үшін әйелі күйеуінің сырт киімін кіреберіске іліп қояды да, ай сайын қалтасына біршама ақша салып қояды екен.
Балалары өзінен ақша сұрағанда әйел: «Балапандарым, ақшаны әкелеріңнің қалтасынан алыңдар», - дейді екен «Әке» деген асқар ұғымның балаларының жадында үнемі жаңғырып тұруы үшін.