Идеалистік көзқарас

Oinet.kz 26-10-2019 2179

1539660572_3989302.jpg

Бір күні Насреддиннен достары: "Жасың келіп қалды, қашан үйленесің енді?" Деп сұрапты. Сонда Насреддин жас кезінде үйленгісі келіп, өмір бойы өзіне мүлтіксіз жар іздегенін айтып былай дейді: "Алдыменен Дамашыққа барып, перідей сұлу қызды кездестірдім. Бірақ кейін ол қызда рухани байлықтың жоқтығын көрдім. Кейін Исфахан қаласына барып, рухани жағынан бай әрі өте әдемі қызды кездестірдім, бірақ, өкінішке орай, онымен еш түсінісе алмадым. Ақыр соңында іздегенімді Кайрдан таптым. Ол шынайы мүлтіксіз әйел еді: діни сауаттылығы бар, сұлу, сыпайы,көркем мінезді. Бір сөзбен айтқанда, мүлтіксіз":
Достары шыдамсыздықпен: "Енді үйленбедің бе оған?!" - десе, Насреддин міз бақпастан:
- Жоқ, ол да мүлтіксіз біреуді іздеп жүр екен, - дейді.

Мырзакелді КЕМЕЛ, "Ақыл қалта" жинағынан

Өлген күйеуінің абыройын балаларына биіктеткен әйел
Нәресте жалғыздығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу