ОҚО-ны басқарған 3 әкім Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атанды
Фотоколлажда: Бейбіт Атамқұлов және Жансейіт Түймебаев
Түркістан облысы мәслихатының алтыншы шақырылымы депутаттарының кезекті қырық екінші сессиясында Түркістан облысының «Құрметті азаматтарының» тізімі белгілі болды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ұсынысын қарап, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары шешім қабылдаған. Бұл туралы Aigak.kz хабарлайды.
1. Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
2. Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
3. Ұлықпан Бәшенов — еңбек ардагері;
4. Дүйсенова Тамара Босымбекқызы — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы;
5. Есенқарақызы Ханбибі — ақын, еңбек ардагері;
6. Кирюхин Юрий — еңбек ардагері;
7. Қожабаев Сайдулла Ілиясұлы — «Кентау трансформатор зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
8. Миркадиров Мирильяз — еңбек ардагері;
9. Нұржанов Омарбек — еңбек ардагері;
10. Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-миниистрі;
11. Тағаев Мұрат Құлмырзаұлы — «Ордабасы Құс» ЖШС бас директоры;
13. Төлендиев Бекасыл Расулұлы — «ART Құрылыс» ЖШС директоры;
14. Тұяқбаев Марат Қымызұлы — еңбек ардагері;
15. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі;
16. Тілеген Өстемір Тілегенұлы — еңбек ардагері;
17. Үмбетаев Ибадулла — «Қазақмақта» ғылыми-зерттеу институтының директоры;
18. Шаля Анна Федеровна — ҰОС ардагері;
19. Тәшімов Лесбек — Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор.