Бүгін Мұхтар Әблязов пен Ермұхамет Ертісбаев халық алдында жекпе-жек өткізеді
коллаж zakon.kz сайтынан алынды
Бір-біріне қарама-қарсы күштің өкілдері Мұхтар Әблязов пен Ермұхамет Ертісбаев тікелей эфирде халық алдында ашық айтысады. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қиын әңгіме болады. Бірін-бірі сояды олар. Бұл жақсы оқиға – ұлттық диалогтың басы. Олар бір-біріне сырттай өштескенше, бірін-бірі эфирде боқтағаны артық бізге. Меніңше, осындай сөйлесу каналдарының көп болғаны жақсы. Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын. Сонда бір-бірімізді тыңдауды үйренерміз. Елде "еститін" мемлекет орнап келеді, – дейді ол.