17 жастағы оқушы танымал рэпердің концертінен соң қайтыс болды

Oinet.kz 13-09-2019 1001

скорая-800x500.jpg

Мәскеу көшелерінің бірінде таңғы 9:40 шамасында аула сыпырушы жасөспірімнің мәйітін тауып алған. Құқық қорғау органдары оның сол аумақтың тұрғыны және жақын маңдағы мектептің оқушысы екенін анықтаған.

Оқушының ата-анасының айтуынша, оқиғадан бір күн бұрын баласы досымен рэпер ConVolk-тың концертіне барған және 23:30-да үйіне келген. Әкесімен сөйлескен бала өз бөлмесіне кеткен және оның қашан шығып кеткенін ешкім білмейді. Таңда баласының бөлмесіне кірген әкесі баласының орнында жоқ екенін көрген. Оған баласының өлімі туралы жедел топ қызметкерлері хабарлаған.

СҚО-да заңсыз жүрген шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Бүгін Мұхтар Әблязов пен Ермұхамет Ертісбаев халық алдында жекпе-жек өткізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу