Жеке тұлғаларға салық рақымшылығы: қайда бару керек?
Арнайы мәлімдеме жазудың, мемлекеттік кірістер органына қандай-да бір құжаттарды әкелудің қажеті жоқ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға салынатын салықтық амнистияның қалай жүзеге асырылатындығы туралы айтты.
- Жеке тұлғалар негізгі салық қарызының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан біле алады. Арнайы мәлімдеме жазудың, мемлекеттік кірістер органына қандай-да бір құжаттарды әкелудің қажеті жоқ. Ең бастысы - алдыңғы жылдардағы міндеттемелер бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу. Мемлекеттік кірістер органдары жеке шоттардың жай-күйін бақылайды және негізгі қарызды төлеген кезде есептен шығару туралы тиісті шешімдер қабылдайды, - деді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі.
Қазақстанда 2019 жылдың 16 шілдесінде салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң күшіне енді. Осы науқанды кез-келген қазақстандық есептелген сыйақыны осы жылдың соңына дейін есептен шығару үшін пайдалана алады.