Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемер көбейді

Oinet.kz 10-09-2019 1037

Картинки по запросу деньги казахстана

Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемер көтерілді, деп хабарлайды Oinet.kz Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасай отырып.  

Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады.

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін арттырады.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

Джек Ма отставкаға кетті
Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үйлену тойына 500-ге жуық қонақ келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу