Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үйлену тойына 500-ге жуық қонақ келді


image.png

Халыққа жайдарман арқылы танылған Нұрболхан Шарапов күні кеше өзінің үйлену тойын Тараздағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп жасады. Жас жұбайлардың қуанышына 500-ге жуық қонақ келген, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. 

Тойдың барысын Instagram желісі арқылы қарадық. Құттықтап келгендердің қатарында эстрада жұлдыздары да біршама. Олар Нұрлан Еспанов, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Жолдасбек Абдиханов. Балғынбек Имашев, "Өнер қырандары" мен "Базар жоқ" театрларының актерлары да арнайы келген.

image.png

Сондай-ақ, жайдарман сүйер қауымға танымал бір топ әзілкештер де Нұрболханның қуанышында бой көрсеткен.

Олардың арасында Арман Жаналиев, Ғалым Маханбетов, Елдос "Калабок", Хамит Ердехан, Құттыбай Сағындықов, Жандос Самалбеков болды.

Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында қуанышын бөліскен барша қонақтарға алғыс айтуды ұмытпады.

"Свадьба года прошла на ура! Әуелi Аллаһқа шүкiр, жоғары деңгейде өтуiн нәсiп еткен. Ата-анама рахмет, қолдауын аямаған. Барша бауырларыма рахмет, қуанышыммен бөлiскен. Барлық достарыма рахмет, тойымды көтерiп тастаған. Биылғы жыл кәдiмгiдей бiр берекелi жыл болды мен үшiн", - деді әзілкеш.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады
  • Республикалық имамдар форумы басталды
  • Еңлік Әбдіқадыр: «Орта есеппен айына 15 000 000 теңге табамын»
  • Қаржы министрлігі алдағы үш жылдың бюджет жоспарымен таныстырды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика