Су диетасы жайлы өтірік кеңестер тізімі
Су диетасы жайлы өтірік баяндамалар тізімін жариялады, деп жазды Sm-news.ru сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz.
Күніне 2 литр су ішу қажет.
Адам ағзасының 90%-ы судан тұратыны анықталған кезде пайда болған диеталық кеңес. Негізінен әр адамның күндік су мөлшері әртүрлі болады. Күніне екі литр су ішу мүлдем ақылға қонымсыз.
Спортты сусын ішу.
Спортшылар, салауатты өмір салтын ұстанатындар спортқа арналған сусындардың құрамында судан да пайдалы элементтер бар деп ойлайды. Алайда мамандардың сөзінше, спортты сусындар тек жаттығудан кейін пайдалы, қалған кездері қарапайым суды тұтынған дұрыс екен.
Тым көп мөлшерде су ішуге болмайды.
Бұл қағида тек жартылай өтірік. Бір жағынан көп су ішуге болады. Алайда еркіңнен тыс су ішу адамның миында жұтқыншақ рефлексін басатын механизмді іске қосады.
Жаттығу кезінде газдалған су ішу ағзадағы қанды көбейтеді
Осы мәлімдемеге қарап адамдар газдалған судың ағзадағы қанның мөлшерін көбейтеді деген сенімде. Алайда ғалымдар одан керісінше қанның қоюланып, баяу ағатынын дәлелдеді.