Алматыда феминистер митингке шықпақ

Oinet.kz 09-09-2019 977

Screenshot_4.jpg

Феминизм белсенділері әйелдерді кемсітушілік пен күш көрсету мәселелерін көтеру мақсатында митингке шықпақ. Ұйым мүшелерінің айтуынша, шара 28 қыркүйек күні «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы саябақта өтеді. «KazFem» тобының белсенділері Facebook желісінде алматы билігі митингке рұқсат еткенін жазған.

«Бізге күнделікті өмірде кездесетін мәселелерімізді көтеру аса маңызды» - дейді феминистер.

«Митинг 28 қыркүйекке жоспарланып отыр. Жалпы тақырып – «Әйелдер құқығы». Тұрмыстық және жыныстық күш қолдану, әйелдер колонияларындағы күш көрсетулер, жезөкшелікке салынған әйелдер, әйелдер теңсіздігі мен кемсітушілік жайында сөз қозғайтын боламыз», - деп жазады топ мүшесі Вероника Фонова өз Facebook парақшасында.

Су диетасы жайлы өтірік кеңестер тізімі
Түркістан облысында болған жол апатынан 3 адам қаза болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу