15 жасар ерлі-зайыптының ісін полиция қарайтын болады
Ақтаудағы 15 жасар екі жастың мәселесін жергілікті полиция қолына алды. «Бұл іспен кәмелетке томағандардың ісі жөніндегі бөлімі айналысып, бейнероликтегі қыз бен жігіт туралы анықталуда. Мәліметтер шара қолдану үшін қалалық әкімшілікке жолданатын болады» - деп хабарлайды полиция бөлімінде.
Еске сала кетсек, 15 жасар жасөспірімдердің үйлену тойларының суреттері интернет желісін жайлап кеткен болатын. Қалыңдықтың айтуынша, оны алып қашқан. Ал үйіне қайтып баруды қыз ұят санаған. Қазіргі таңда олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды некелері жоқ. Тек мешітке барып некесін қидырған.