3 жасар қыз бөтелкедегі химикаттан өлді

Oinet.kz 09-09-2019 987

37591be1332ff5ca.jpg

Түркістан облысының Жетісай ауданында 3 жасар қыз зиянды химикатпен уланудан қайтыс болды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдай Қазыбек би ауылында орын алған. 

3 жасар қыз бөтелкедегі улы химикатты ішіп, ауыр халде ауруханаға түскен. Балада тыныс алу жолдарының күйігі, жүрек тамырларының зақымдануы байқалған. 

«Оның жағдайы өте ауыр болғандықтан, облыстық санитарлық авиация орталығынан балалар токсикологын және реаниматолог дәрігерін екі рет шақырған. Алайда, қарқынды емге қарамастан, баланың жағдайы жақсарған жоқ. Өкінішке орай, біз оны аман алып қала алмадық. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Исраил Сапарбай: «Димаштың Астанадағы концерті ұнаған жоқ»
15 жасар ерлі-зайыптының ісін полиция қарайтын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу