Алуа Қонарова халыққа киліккен Божкоға жауап берді
Белгілі продюсер Алуа Қонарова қарапайым халыққа киліккен мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божкоға жауап берді, деп жазады Oinet.kz ақпараттық порталы.
Алуа Қонарова Instagram парақшасында: - Депутат Божко халықтың өмірін жақсартуға айтарлықтай әділ талаптары бар деп үзілді-кесілді пікір білдірген. Жұмсартып айтқанда. «Қорада тұру» - адамдардың емес, жануарлардың ісі. Әлде, сіз, Божко мырза ақыр-соңы өзіңіздің бізге деген шынайы қарым-қатынасыңызды көрсетіп тұрмысыз?
Мүмкін, сізге қымбат депутаттық костюміңізді тастап, ауыл-ауылды, тіпті қала сыртын аралап, халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көріп қайту керек шығар? Тапқаны бес тиын, несие мен қарызға белшеден батқан? Тоқ бала аш баламен ойнамайды! Қорада екі сиыр тұр, сыймаймыз , - деп қатаң түрде жауап жазды.