Дәулет Ниязбеков кубалық қарсыласын ірі есеппен жеңді
Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финал жолдамасын кубалық Энрике Вальдеспен сарапқа салды. Қазақстандық балуан жеңіліп жатып, қарсыласынан 21:11 есебімен басым түсті.
32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.