Бүгін Нұрмағамбет Баймырзаұлының (Балуан Шолақ) туған күні

Oinet.kz 11-12-2020 1853

Осыдан 156 жыл бұрын (1864-1919) қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан Нұрмағамбет Баймырзаұлы (Балуан Шолақ) дүниеге келген. 

Балуан Шолақ көтерген тастың салмағы қанша? Alashainasy.kz

1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында туған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген. Балуан Шолақтың жас кезінде әкесі Көкшетауға көшіп келген. Осында өсіп, өнер қуып, Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та басылып шыққан. Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 

Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырған. 1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған. 1913 жылы ата-бабасының туып өскен, кіндік қаны тамған Шу өңіріне келген. Осы сапарында Қордай даласында қой бағып жүрген Кенен Әзірбаев оның көптеген әндерін үйренген. 

Балуан Шолақ Шу өңірінде болған сапарында көтерген салмағы 1050 келі тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Сондай-ақ, Далақайнар өңіріндегі өзі аршыған тұнба әлі күнге дейін «Балуан Шолақ бұлағы» аталып келеді. Еліміздегі көптеген қалалардағы спорт сарайлары Балуан Шолақ атымен аталады.

Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді
Науқастарды қабылдаудан бас тартуға мәжбүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу