Қытайда белгісіз ауруға 59 адам шалдықты
09-01-2020
Түркіменстан аймақтарындағы медициналық мекемелер коронавирус белгілерімен түсіп жатқан науқастарды игере алмай жатыр. Орын жетіспегендіктен ауырып келгендерді қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болуда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 18-ге жеткен. Бірақ оларға пневмония деген диагноз қойылған. Оларды жерлеу рәсімі қауіпсіздік қызметі өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Ал Түркіменстан билігі елінде коронавирус анықталмады деп мәлімдеп келеді. "Лебап уәлаятында соңғы күндері коронавирус қатты тарап жатыр. Ауруханаларда орын қалмады", - дейді аймақтағы «Азаттықтың» тілшісі. Дәл осындай жағдай Түркіменабадта та көрініс тауып жатқанға ұқсайды. Өткен аптада Мары қаласы мен Сакарчагин елді мекенінде инфекциялық ауруханалар науқастарды қабылдаудан бас тартқан. Лебапта науқастар санының көбеюіне байланысты Жаңа жыл алдындағы түрлі мерекелік шараларға тыйым салынған. Түркіменабадта жаңа жылдық шыршаларды алып тастап жатыр.
Орталық Азия жаңалықтары қызметінің хабарлауынша, елдің кей аймағында коронавирус белгілері бар барлық науқасты ауруханаға жатқызу мүмкін еместігіне байланысты бірқатар медициналық мекеменің карантинге жабылған. Осы себепті, көптеген науқас халық емімен үй жағдайында емделіп жатыр екен.