«Біз тиын-тебенге күреспейміз»: Хабибтің кезекті жекпе-жегінің құны белгілі болды

Oinet.kz 05-09-2019 1016

image.png

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы дағыстандық Хабиб Нұрмағанбетов кезекті жекпе-жегі үшін 6 миллион доллар алады, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі

«Бұл жолғы гонорар Макгрегормен болған жекпе-жекке қарағанда 3-3,5 есе көп болады. Біз тиын-тебенге күреспейміз. Біз өз бағамызды білеміз», - дейді Хабиб Нұмағанбетовтың әкесі.

Айтуынша, чемпион Хабиб үшін 2 миллион доллар тым аз.

"Біз мықтыларды жеңдік, күштілермен күресеміз. Және біз атақтымымыз, біз өз дәрежемізді білеміз", - дейді Абдулманап

Айта кетейік, Абу-Дабиде өтетін Хабиб Нұрмағанбетов пен Дастин Порьенің жекпе-жегі 7-қыркүйекте өтеді.


Алуа Қонарова халыққа киліккен Божкоға жауап берді
Шымкенттік такси жүргізушісі жолаушысын зорлап, ізін-қайын жоқ болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу