Шымкенттік такси жүргізушісі жолаушысын зорлап, ізін-қайын жоқ болған
Шымкеттік полиция бөлімшесі көлігіне отырған жолаушы қызды зорлаған жүргізушіге іздеу салады.
Оқиға 27 тамыз күні орын алған. Кафеде достарымен өзінің туған күнін атап-өтіп таксиге мінген қыз ғимарат алдына тұрақтаған көліктердің біріне отырады. Алайда, оқиға шытырманға айналып, көлік жүргізушісі нағыз маньяк болып шықты. Жүргізуші-қылмыскер қызды ұрып-соғып, қылқындырып, зорлық әрекеттер жасаған. Бұл жөнінде Дина Таңсары өзінің әлеуметтік желісінде жазды.
Оқиғаны Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ЕДР-да 2019 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен тіркеді.
«Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды », - дейді полиция бөлімшесінің аға офицері, подполковник Айнұр Омарова.