Белгілі продюсер Қазақстан мен Түркияны салыстырды (видео)

Oinet.kz 06-08-2021 6580

Белгілі продюсер Алуа Қонарова Қазақстандағы кедейлік пен әлеуметтік проблемаларға назар аударды. YouTube платформасындағы Ardak Alanya каналына сұхбат берген ол азық-түліктің өзін несиемен алатын халықтың жағдайына күйінді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Алуа Конарова.jpg

Жуырда Түркияға түбегейлі қоныс аударған продюсер өзге елдің жақсы жағына тоқталды.

Айтуынша, түріктер заңға қатты бағынады және онда жемқорлық атымен жоқ. Продюсер Түркиядағы осы жайттарға қатты қызығатынын және болашақта біздің елде де осындай тұрақтылық орнайтынына сенетінін жеткізді.

- Мен біздің елде осындай болса екен, деп қатты ойланамын. Таза ауа, экономикадағы тұрақтылық, заңның сақталуы. Құдай-ай, бізде жемқорлық қашан жойылады екен?! Бұл біздің қазіргі ұрпақтың генінде қалып қойған сияқты. Ол үшін жаңа ұрпақ өмірге келіп, жаңаша өмір сүруі керек шығар? Білім беру саласына келсек. Егер ЖОО-да студент сабаққа қатыспай, пара беріп, баға алып жүрсе, одан мықты медицина қызметкері шыға ма? Бұл бір ғана тұсы. Екіншіден, оқытушылар кәсіби біліксіз. Барлық ЖОО-да сондай. Кезінде сабақты нашар оқыған адам келеді де, біздің балаларды оқытады. Мәдениет туралы айтпай-ақ қояйын. Кез келген дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттің бет-айнасы - ұлттың мәдениеті. Адамдардың ішкі мәдениеті болуы керек. Бірақ, ол бізде өте төмен деңгейде, - деп баға берді Алуа Қонарова.

Танымал актриса тұңғышын дүниеге әкелді (фото)
Сәкен Майғазиев жіберген арызын қайтарып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу