10 басшы құмар ойынға бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды

Oinet.kz 30-03-2026

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады. 

euro_25.jpg

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң  бойынша мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Себебі бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіреді.

Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметкерлер қызметінен босатылды.

Танымал әнші Баянсұлуға қатысты дау тудыратын ақпарат тарады
«20 миллион теңге»: Шымкентте TikTok арқылы алаяқтықпен ақша тапқан адам ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу