Танымал әнші Баянсұлуға қатысты дау тудыратын ақпарат тарады

Oinet.kz 30-03-2026

Танымал әнші Баянсұлу Сағындықованың бірнеше хит әнін жазғанын айтқан композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасады.

Screenshot_6.jpg

Оның сөзінше, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбеген. Композитор мәселені шешпек болған сәтте керісінше сотқа шақырту қағазын алғанын айтты.

"Баянсұлу деген қыздарыңыз сотқа шақырып жатыр. Бізде үлкен бір мәселе болып жатыр", - деді ол.

Композитор әншінің ең танымал бес әнін жазғанын, десе де ұзақ уақыт бойы бұл еңбегі үшін ақы алмағанын жеткізді. Сондықтан ол бұған дейін әншінің YouTube-тағы бірнеше туындысын өшіртіп, орындауына шектеу қойған. Кейін әндер қайта жарияланған.

Қуат Әбіловтің айтуынша, Баянсұлу Сағындықова бұрынғы продюсерімен жұмысын тоқтатқан соң жаңа командасымен бірге қайта хабарласқан. Алайда композитор қаламақысын талап еткен кезде оған соттан шақырту келгенін мәлімдеді. Ол әділдік іздеп, көпшілікке жүгінді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kuat Abilov (@kuat_abil)

Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ
10 басшы құмар ойынға бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу