«20 миллион теңге»: Шымкентте TikTok арқылы алаяқтықпен ақша тапқан адам ұсталды
Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық схема ұйымдастырған. Ер адам арнайы ашылған парақшада жүргізуші куәлігін жедел әрі қиындықсыз алып беруге көмектесетін жалған қызмет ұсынған. Адамдарды сендіру үшін ол бейнероликтер мен жарнамалық жазбаларды пайдаланған. Салдарынан 45-ке жуық қазақстандық зардап шекті. Ал алаяқ 20 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.
Жедел іc-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды.


