Қазақ қызы өзбек қарсыласын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Азия чемпионатында өзбекстандық қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Аида Әбікеева Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Әйелдер арасындағы 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Аида Әбікеева алғашқы кездесуінде өзбекстандық Дильфуза Бековамен шеберлік байқасты. Алғашқы раундта Аида Әбікеева қарсыласына есе жіберіп қойғанымен, екінші раундта басымдық танытты. Шешуші үшінші раундта төрешілердің көпшілігі (4:1) жеңісті Аидаға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін 54 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линді жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Одан бөлек, Милана Сафронова қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Азия чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.