Ұлттық музей ұжымы #Birge#TazaQazaqstan акциясына атсалысты

Oinet.kz 28-07-2019 991

Screenshot_16.jpg

Бүгін, 2019 жылғы 28 шілде күні ҚР Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және Ұлттық музейдің 100-ге жуық қызметкері #Birge#TazaQazaqstan акциясына үлес қосты. Сенбілік Есіл өзенінің бойындағы айналма жолдың жағасында өтті. Біздің ұжым тек қана экологиялық тазалықты емес, қоғамда рухани байланыс орнататын «Бірге – Таза Қазақстан» акциясын қуана қолдайды. 

ҚР Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Адамдар өз үйін, қаланы, елді қоқыстан тазартып, ортақ жұмыс атқарған кезде олар бірігеді. Біздің елімізде осындай шаралар Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын. Мұндай акциялар артық болмайтыны анық. Акцияның бастамашыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Мен бүгінгі шараға отбасыммен - әйеліммен және үш баламмен келдім. Ұлттық музей қызметкерлеріне көп рахмет. Жексенбіге қарамастан, олар сенбілікке белсенді қатысып жатыр. Менің ойымша, бұл акция жалғасуы керек. Сонда Қазақстан күшті, рухани бай, болашағы зор мемлекетке айналады» - деді.

Screenshot_17.jpg

Аталған акция Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинау үшін ұйымдастырылған бұл шара мемлекеттік органдардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындары тарапынан да қолдау тапқан болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі - Орталық Азиядағы ең үлкен музей. Мұражай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған.

740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қарызы өтелді
Мәдениет және спорт вице-министрі Түркістан қаласындағы тарихи орындарды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу