Байкен Әшірбаев: Әлеуметтің әлеуетін арттыруға барынша тырысып бағамын
№10 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Аширбаев Байкен Аширбайұлының сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ
1.Әлеуметтік мәселелер
Өңіріміздегі жұмыссыздық мәселесін шешуге байланысты тұрақты жұмыс саласына басты назар аударамын.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту барысындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі орындалуын қадағалаймын.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған гранттар мен бағдарламалардың жүйелі түрде мүлтіксіз орындалуын басты назарда ұстаймын.
2.Құрылыс бойынша
Тұрғын үй жайлар салу мақсатында құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын қадағалауға алып, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу барысында мердігерлер мен соңғы қорытындыны жасайтын
сарапшы- эксперттердің жауапкершілігін күшейту бойынша жүйелі түрде жемісті де нәтижелі жұмыс жүргіземін. Құрылыс саласына жаңа дем, тың серпін беретін өзгертулер бойынша ілкімді істерді атқаруға бар күш-қайратымды саламын.
3.Шалғай елді мекендердің өркендеуі
Шалғай елді мекен тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жолын басты назарға аламын. Қала жастарын қолдау мақсатында түрлі бастамаларына қолдау көрсетемін. Шалғай елді мекендердегі интернет мәселесін шешу барысында тиімді ұсыныстар дайындаймын. Тұрғындар мәселесін шешу жолында өз ықпалымды тигізуге ұмтылып, туған елді түлетуге, әлеуметтің әлеуетін арттыруға барынша тырысып бағамын.
4.Кәсіпкерлік бойынша
Кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы бағдарламалардың жүйелі орындалуын қадағалаймын. Еліміздің дамуы үшін шағын бизнесті дамытуға, жеке кәсіпкерлікті өркендетуге өз үлесімді қосамын. Кәсіпкерлермен бірлесе отыра жобаларды жүзеге асыруға атсалысамын. Кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген қаржыландыру бойынша мәселені алға тартамын. Ол түйткілді мәселелердің оңынан шешілуіне ықпал етемін. Кәсіпкерлік саласында жүрген жастарға жан-жақты бағыт-бағдар берумен бірге жеке іс-тәжірибеммен бөлісемін.
5.Спорт саласы
Спорт алаңшаларының қазіргі заманға сай салынуына өз септігімді тигіземін. Болашақ спорт саңлақтарын тәрбиелеу жұмыстарын алдағы күнде де жалғастыра бермекпін. Жаңадан балалар мен ересектерге арналған спорт мектебін ашуға ықпалым етемін. Мектептер мен жатақханаларға арнайы жаттығу жасау құралдарын орнату мақсатында қолдан келгенше көмек беремін.
Өмірбаяны
Мен, Аширбаев Байкен Аширбайұлы 1970 жылы маусым айының 5 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қара-төбе ауылында дүниеге келдім.
1977-1985 жылдары Сайрам ауданындағы №22 Жұлдыз орта мектебінде оқыдым.
1985-1988 жылдары Сайрам ауданы СПТУ-25 училищесін бітіргем.
1988-1990 жылдары Әскер қатарында болдым.
1991-2001 жылдар аралығында жеке кәсіпкер.
1998-2003 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің заңтану мамандығы бойынша бітірдім.
2011-2016 жылдар аралығында СтройСервис-7 ЖШС-нің коммерциялық директоры.
2016-2022 жылдар аралығында «SANALI group» ЖШС-нің директорының орынбасары болып жұмыс атқарған.
2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі таңға дейін «Firkan Retail Croup» ЖШС-нің директорының кеңесшісі қызметін атқарамын.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2011 жылы Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталғам.
2012 жылы Республика Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Қазақстан Президенті Н. Назарбаев атынан алғыс хатпен марапатталғам.
2013 жылы Жарлық бойынша «Құрмет» орденімен наградталғам.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жыл толу мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының «Нұр Отан» партиясының филиалының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруде, азаттық қоғам мүддесі жолында елбасы саясатын насихаттап, партияның бағдарламасы мен халықтық тұғырнамасын жүзеге асырудағы белсенділік үшін алғыс хатпен марапатталғам.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің нығайыуына қосқан елеулі еңбегім үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов атынан Алғыс хатпен марапатталғам.
2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, дәстүрлі дін жұмысы мен ұлттық салт-дәстүрлеріміздің жандана түсуіне қосып жүрген улесіме ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев атынан Алғыс хатпен марапатталғам.
2015 жылы Байкен Аширбайұлы «АХЫСКА» Бүкіләлемдік түрік қауымдастығының медалімен марапаттталады.
2015 жылы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес, Аширбайев Байкен Аширбайұлы авиация генерал – майоры Талғат Бигелдінов медалімен марапатталады.
2015 жылы облыстағы мүгедектерге қамқорлығы және жомарттылығы үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамының басқармасының төрағасының Алғыс хатымен марапатталдым.
2016 жылы Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл мерекелік медалімен награтталған.
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бұйрығымен Қазақстан полициясына 25 жыл мерекелік медалімен награтталған.
Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен наградталған.
2018 жылы Түлкібас ауданының дамуына және көркеюіне елеулі үлес қосқаны үшін Түлкібас ауданына 90 жыл медалімен марапатталады.
2019 жылы 18- наурыздағы Түлкібас аудандық мәслихатының XXXYII cессиясының шешімімен Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «Туған өлке» номинациясымен марапатталған.
2021 жылы Қайырымдылық керуені жобасы аясында қоғам игілігіне жасап жатқан қызметі және игілікті жұмыстары үшін Н. Назарбаев қорының директоры Д. Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталған.
2021 жылғы 2 желтоқсндағы Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2021 жылғы 2 желтоқсанындағы Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының №11-71/VII сесиясының шешімімен Сайрам ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығы бойынша «Парасат» орденімен наградталды,
2021 жылдың қантар айында Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып сайландым.
2021 жылы Қазақстан Республикасы парламентінің Мәжілісімен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасы М.Әйтеновтің алғыс хатымен марапатталдым.
Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Нурлан Килишбековтың тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді