Серік Сатыбалдиев: Медицина сапасының артуына, жаңа емдеу мекемелерінің салынуына күш саламын

Oinet.kz 14-03-2023 515

Screenshot_2.jpg

№10 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сатыбалдиев Серік Маратовичтің сайлауалды бағдарламасы

Аса құрметті жерлестер!

Мәслихат депутаты болу бұл халық пен билік арасын жалғап жатқан «алтын көпір». Депутат ол елдегі саяси-экономикалық реформаларды, болып жатқан тың өзгерістерді және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысатын мандаты бар азамат. 

Сондықтан Сіздердің таңдауларыңызбен Шымкент қалалық мәслихатына халық қалаулысы ретінде сайлансам сол «алтын көпірді» жалғайтын боламын, елдегі бүкіл реформалардың, түрленудің басты жақтаушысына айналамын. Осы ретте төмендегі мақсаттарыма сай негізгі күшті сол бағытқа қарай жұмсайтын боламын.

Ол біріншіден, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деген. Осыған байланысты алдағы 4 жылда халықтың денсаулығын жақсарту жолында бар күш-жігерімді жұмсамақпын. Әсіресе Шымкент қаласының нағыз медициналық туризм орталығына айналдыруға септігімді тигіземін. Конституцияда ең басты құндылық халық делінсе, ендеше ел азаматтарының сапалы медициналық қызмет алуға ешқандай мәселе кедергі тудырмау керек.

Көздеген екінші мақсатым Жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай тер төгу. Өзіме берілген мүмкіндік қалт жібермей, халықтың бүкіл талап-тілегін жоғары жаққа жеткізіп отыру сөйтіп, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне оң ықпалымды тигізсем деймін. Соның ішінде халыққа ең басты керегі ол сапалы ауыз су, жарық, табиғи газ бен басқа да коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымдық қажеттіліктер. Сондай-ақ қаланың тазалығын сақтауға, қоғамдық тыныштықтың бұзылмауына және де әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығына баса мән беремін. Осы аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруым Сіздердің маған білдірген сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға тікелей байланысты!

Қадірменді сайлаушылар!

Сонымен егер Сіздердің қалауларыңызбен Шымкент қалалық мәслихатына депутат болып сайлансам мына мәселелердің шешімін табуға білек сыбана кірісемін:

-Медицина сапасының артуына, жаңа емдеу мекемелерінің салынуына және олардың керекті материалдық- техникалық құралдармен жабдықталуына күш саламын;

-Ана мен бала денсаулығын жақсартуға. Осыған орай қабылданған бағдарламаның толық орындалуына, сондай-ақ экология мен қоршаған ортаның тазалығына айрықша ден қоямын;

-Көшелер мен аулалардың санитарлық тазалығына көңіл бөлемін. Әсіресе аулалардың абаттандырылуына және жауын-шашын кезінде қала тұрғындарына тудырмау үшін ирригациялық жүйелер мен жол бойындағы арық-атыздарды қалпына келтіруге еңбектенемін;

-Әсіресе шеткі ауыл-аймақтың коммуналдық-инженерлік мәселелерін ретке келтіруге көбірек назар аударамын;

-Қала маңындағы елді мекендерде шағын саябақтар, демалыс орындарын және балалар ойнайтын ойын алаңшаларын салуға қажыр-қайратымды жұмсайтын;

-Арнай жаңғырту бағдарламасы аясында көпқабатты үйлерді қайта модернизациядан өтуіне ықпал етемін;

-Медициналық жаңа нысандармен бірге жаңа мектеп құрылыстарына да олардың сапасы мен материалдық жарақтандырылуына аса мән беремін;

- Саябақтар санын көбейтіп, тал-дарақтарды көбірек егіп, оларға тиісті деңгейде күтім жасау есебінен Шымкентті шын мәнінде «жасыл қалаға» айналдыру бағытында қал-қадірімді аямаймын;

-Қылмыс санын азайту мақсатында қауіпсіздік пен профилактикалық және халықтың әсіресе жастардың ортасында түсіндірме жұмыстары насихаттық іс-шаралардың көбірек өтуіне мұрындық боламын;

-Жұмыссыздықпен күрес шарасында нақты іс-жоспарлардың орындалуына, Neet санатындағы жастардың екі қолға бір күрек таубына, олардың пайдалы іспен шұғылдануына жәрдемдесуге бар жігерімді пайдаланамын;

-Қалада бұқаралық спорттың дамуына, барлық жастағы азаматтардың спортпен айналысуына мүмкіндік туғызуға бүкіл күшімді арнаймын;

-Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономикалық өсімге бағдарланған бастамаларды жүзеге асыру бағытында аянбай қызмет етемін;

Құрметті сайлаушылар!

Республиканың үшінші мегаполисі – Шымкент бәріміздің сүйікті қаламыз. Сондықтан шаһардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-сәулеттік жағына дамып гүлденуі мен үшін тым қымбат.

Сол себепті осы арман-ойларымды іске асыруға Сіздердің сенімдеріңіз аса қажет. Үміттеріңізді ақтауға уәде беремін. Өйткені халықтың қамын жеу, Шымкент тұрғындарының соның ішінде өзім сайланған округ халқының әлеуметтік маңызды мәселелеріне құлақ түру мен үшін азаматтық борыш саналады.  

Өмірбаян

Мен, Сатыбалдиев Серік Маратович, 1986 жылы 14 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келдім. 1993 жылы №66 орта мектепке бардым. 2003 жылы №50 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепті тәмамдап, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының «Емдеу ісі» факультетіне түстім. 2011 жылы Халық аралық Мемлекеттік Қазақ-Түрік университетінде оқу орнын бітірдім. 

Сол жылдың тамыз айында Қызылорда облысының Облыстық Жұқпалы Аурулар Ауруханасында 2012 жылдың желтоқсан айына дейін «дәрігер» мамандығы бойынша жұмыс атқардым. 2013 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Шымкент қаласында «Қалалық Жұқпалы Аурулар Ауруханасында» дәрігер инфекционист қызметінде жұмыс істеймін. Сотталмағанмын. 

Отбасылық жағдайым - үйленгенмін, 4 бала-шағам бар.

Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №10 сайлау округі бойынша кандидат Сатыбалдиев Cерік Маратовичтің тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді 

Байкен Әшірбаев: Әлеуметтің әлеуетін арттыруға барынша тырысып бағамын
Алматы балалар алаңшасынан 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу