Алматы балалар алаңшасынан 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Oinet.kz 15-03-2023 807

Алматы полициясы наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Самал-3 ықшамауданындағы балалар алаңында ер адамның мәйіті табылғанын растады. Бұған дейін бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

"Алдын ала мәлімет бойынша, бірлесіп алкоголь ішімдігін ішкен адамдардың арасында жанжал туып, салдарынан 35 жастағы ер адамды таныстары пышақтап кеткен. Жедел іздестіру шарасында 22 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды", –  делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция сонымен қоса бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін айтты. Істі Медеу аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.

Серік Сатыбалдиев: Медицина сапасының артуына, жаңа емдеу мекемелерінің салынуына күш саламын
Ұлым менен таяқ жеді. Енді оның ісімен тергеушілер айналыссын - Дәулет Тұрлыханов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу