«AMANAT»: Жол карта аясында егіс алқаптарының ауқымы кеңейген

Oinet.kz 01-08-2022 606

Screenshot_2.jpg

Ауылшаруашылығы саласы - Түркістан облысы экономикасының басты драйвері. Өңірде егістік және жайылым жерлердің үлесін 145,5 мыңға дейін арттыру «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген. Оның ішінде 12 мың гектардан астамы жалпы егістік бойынша, ал 133 мың гектарға жуығы жайылым жер ауылшаруашылық айналымына тартылуда.

Күнгейдегі жұрт үшін ең өзекті мәселенің бірі – жайылым жерлердің тапшылығы. Жыл басынан бері төрт түлікті кәсіп ететін тұрғындардың қуанышына орай, жуырда «AMANAT» партиясы жанынан «Жер Аманаты» комиссиясы құрылған еді. Аталған комиссиясының араласуымен жекедегі жайылым жерлер ел игілігіне қайтарылуда. Бұл жұмыстар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе іске асырылып жатыр.

Жол карта аясында топырақ құнарын сақтау және мол өнім алу мақсатында дақылдарды алмастырып отыру жүйесі яғни ауыспалы егістік жердің көлемін 173 мың гектардан 206 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған болатын. Нәтижесінде маусымдағы жағдайға сәйкес, 186 мыңнан астам гектарға артып, жоспар орындалды. 

Қазіргі таңда ағын су тапшылығы да өзекті. Тіпті көршілес елдер де осы проблема кездеседі. Бұл жағдай жерге егін шаруашлығымен айналысатын жұртқа жайсыз тиері сөзсіз. Дегенмен бірнеше жылдан бері облыс әкімдігінің тапсырмасымен ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясы қолданылып, тиімді екенігін дәлелдеп келеді. Алдағы уақытта тамшылатып суғару жүйесін өңірдегі өзге де егістік алқаптарға түбегейлі енгізу көзделуде. Мәселен бүгіннің өзінде Түркістан қаласының айналасында 11 мың гектар жерде азық-түлік белдеуін құру бойынша 2,2 мың гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясы өндірілді. 

Атап өтерлік, партияның Түркістан облыстық сайлауалды бағдарламасында 5 жыл ішінде жылыжай алаңын 2769 гектарға дейін кеңейту жоспарланған. 2022 жылғы жоспарда соның 1355 гектарын кеңейту бойынша жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда 26,6 гектар кеңейтіліп, орындалуда.

Полицейлер жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды
Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу