Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамыз айының 3-і күні ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.
Еске сала кетейік, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.