Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталды - Бас прокуратура

Oinet.kz 01-08-2022 896

Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамның сотталғанын мәлімдеді.

Screenshot_14.jpg

"Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Нұрлыбек Сәбитовтің дерегінше, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеулер бар.

"Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруда", – деп қосты ол..

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды
Бір аптада 13 адам кісі қолынан мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу