Алматы сары аймаққа өтті
Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:
Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.