Қарындасын зорлаушыдан құтқармақ болған аға абақтыға қамалды (видео)

Oinet.kz 04-07-2022 1791

Қырғызстанның Токмок қаласында қарындасын зорламақ болған қылмыскерден қорғаған азамат түрмеге қамалды. Оқиға 1 шілде күні болған. Зардап шегуші Әсел Жұмақұлова оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

1989 жылы туған әйел әдеттегінше аялдамаға бет алып, шамамен сағат 07:45-те таксиге отырған. Рөлде 1975 жылы туған азамат И.Р. отырған. Жүргізуші басқа жолға бұрылып, әйелге тиіскен. Оқиғаны милиция растады. 

Сәті түскенде әйел көліктен жүгіріп шығып, сол сәтте өзге жолаушыларды түсіріп жатқан өзге автокөлікке отыра кеткен. Сол аралықта ағасына хабарласып, болған жайтты айтып үлгерген. 

Ал оған шабуыл жасаған зорлықшы әйел отырған көліктің алдынан кесіп, оны шашынан сүйреп шығарған, соққыға жыққан. Зардап шегушінің айтуынша, таксиде отырған өзге әйел түсіп, өз жөнімен кеткен. Ал жүргізуші еш көмек көрсетпестен, бақылап тұрған. 

Сол аралықта оқиға орнына әйелдің ағасы келіп жетті. Қарындасын көріп, ол әлгі ер адамға газотравматикалық тапаншадан оқ атты. 

Полиция мен жедел жәрдем шақыртылғанымен, ер адам олар келгенше көз жұмды. Ал аталған факті бірыңғай реестрде ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркеліп, күдікті Д.З. (1986 ж. туған) қамауға алынды.

Зардап шеккен әйел болған оқиғаны әлеуметтік желідегі парақшасында баяндап, ағасы үшін араша сұрады. Ал бас прокуратура күдіктінің ісін бақылауға алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асель Жумакулова (@asel_zhumakulova)

Онлайн кредиты - Выгодный способ для многих людей
Алматы сары аймаққа өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу