Түркістан облысында тек егіз бен үшем дүниеге әкелетін әйел тұрады

Oinet.kz 11-04-2022 1596

Түркістан облысының тұрғыны дүниеге тек егіз бен үшем әкеледі. 33 жастағы Дильфуза Мырзақұлова 2009 жылы егіз, 2015 жылы үшем, 2021 жылы егіз туған. Бүгінде 5 қыз, 2 ұлдың анасы деп хабарлайды  "Таңшолпан" бағдарламасы. 

Screenshot_14.jpg

Бір қызығы, Дильфузаның барлық балалары айдың сегізінші күнінде дүние есігін ашқан. Үйдің тұңғыштары Фатима мен Зухра мамырда, одан кейінгі Разия, Рабия, Раяна шілдеде, ал Хасан мен Хусан қараша айында туған. 

Үш жүктілігінің де 8 санымен сәйкес келгенін жақсылыққа жорып, бұл шексіздік деген ұғымға балап отыр.

"Қатты қобалжыдым. Тағы да сондай егіз тууға болады екен деп ойламадым. УДЗ-ға бірінші барғанымда екеу деп айтқан еді. Тағы екеу екен деп жүрсем, сенде екеу емес, үшеу екен деді. Сенбей тұрсам анаған қараңыз деп экраннан көрсетіп тұр", - дейді көпбалалы ана Дильфуза Мырзақұлова.

Шешенстан Президенті: Бізбен ойнамаңдар!
Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу