Шешенстан Президенті: Бізбен ойнамаңдар!
Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Telegram-дағы Kadyrov_95 арнасында бейнежазба жариялап, Украина әскеріне сес көрсетті. Қадыров екі ел арасындағы соғысқа қатысты өзінің пікірін білдірді.
– Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның барлық бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар, мен оның жаяу сарбазымын. Бұл үшін мақтанамын, – деді Рамзан Қадыров.