Қазақстанда ақыры АЭС салынатын болды

Oinet.kz 08-02-2022 1134

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі электр қуатының тапшылығын жою жолдарын айтты.

Screenshot_11.jpg

"Біз елімізді электр энергиясымен толыққанды жабдықтай алмай келеміз. Жақында өздеріңіз куә болдыңыздар. Оңтүстік өңірлерде жарық болмай, электр қуаты өшіп қалды. Демек біз көрші мемлекеттердің энергия жүйесінің жұмысына тәуелдіміз. Мен жауапты адамдардың атом станциясының құрылысына қатысты сұрақтардан неге дипломатиялық түрде қашатынын түсінбеймін. Бәрін тура айту керек қой: таза атом энергиясы болмаса, біз экономикамызды жоғалтып аламыз. Бізге шұғыл түрде атом, таза электр энергиясы керек. Экономиканы түсінбейтін популистердің артынан ермей, адамдарға атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда АЭС салынады деген болжам тараған болатын. Оны Ресей елі салмақ болды. Бұған көпшілік наразылық танытты.

Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы мәреге жеткен соң жылап қалды (фото)
Тоқаев қазақстандық жастарға қатты ашуланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу