«Балдәурен-Түркістан» балалардың бақыт ордасы
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облыстық филиалы білім саласында өз жұмысын 2018 жылдың 15 тамызындан бастағап келеді.
"Балдәурен -Түркістан" лагері орталықтардың ішіндегі ең жасы. Ашылған сәттен бастап балалардың армандары орындалып және мақсаттарын ашты. Ол баланың білімі мен тәрбиесін бағыттай отырып, болашақты құруда маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі "Балдәурен-Түркістан" республикалық оқу-сауықтыру орталығы балалардың өмірін қызықты етіп, рахаттана алатын жаңа орталықтардың бірі десек қателеспейміз.
Орталықтың негізгі жұмыс міндетерінің бірі - уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялых ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғамдық өмір құндылықтары: мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Әр жыл сайын ауысым тақырыптары өзгертіліп отырады, бірақ оның мағынасы, негізгі бағыттары біреу: өз тарихын тану, дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін білу және тұлғаның өзіне тән қадыр-қаситтерін қалыптастыру.
Мектептен тыс жұмыстардың негізгі түрлері пәндік апталар болып табылады, оның аясында ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, ток-шоу, әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, дебаттар және де өнер, мәдениет, спорт,ғылым саласының еңбек сіңірген қайраткерлерімен кездесулер өтеді. Іс-шараларды өткізудің әртүрлі формалары оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Бұл олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әрбір орталық қызметкердің адалдығы болашақ ұрпақ үшін патриотизм, артықшылық, жомарттық, шығармашылық, ақыл-ой сезімін береді деп сенеміз.
Қазіргі уақытта біздің орталық жаңа жақсы бастамалармен белсенді жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз орталығымызға келген оқушылар үшін қызықты іс-шаралар мен кештерді қызықты өткізе отырып, білімге деген алтын таланттарын дамыту. Осылайша, біз мемлекет басшысының мықты, сындарлы және теңдестірілген саясатын қолдай отырып, ел игілігі үшін барлық күш-жігеріміз бен білімімізді жұмсай береміз. Болашақта арман аралының табысы табысты және жемісті болады деп сенеміз.
ДАВИДОВ Искандер Усанович
«Балдәурен» РОСО филиалы информатика пәнінің мұғалімі
Түркістан облысы, Төлеби ауданы