«Осы қатындарды түсінбеймін»: Белгілі блогер көпбалалы аналарды қатаң сынға алды
Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіні тағы шулатты. Бұл жолы ол көпбалалы аналарға сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды, деп хабарлайды Caravan порталына сілтеме жасап.
Ақтаулық блогердің жазбасы Facebook-те жарияланды. Онда Салтанат Аманқосова көпбалалы аналарға ауыр сөздер айтып тастаған.
«Осы қатындарды түсінбеймін. Күйеуімен жаcарын жатып алып, 5 баласын туып алып, менің 5 балам бар, маған көмектесіңдер, үй беріңдер дейді. Өйтетін болса жатпа, маған не дейсің?! Тума 5 балаңды. Қызықсыңдар!», – деді блогер.