Түркістанға келушілер саны 5,5 есеге артқан

Oinet.kz 19-11-2021 724

Screenshot_33.jpg

Түркістан облысында биылғы жылғы он айда облысқа 1,3 миллионнан астам қонақ келген. Пандемияға дейін 2019 жылы келушілер саны 1 миллионнан асса, былтыр, 2020 жылы пандемия кезінде шектеулерге байланысты Түркістан қаласына 300 мыңнан аса адам келген. Осы жылы «жасыл аймақта» болған өңірге келгендер саны 5,5 есеге ұлғайған.

 2018 жылмен салыстырсақ, облыста 148 қонақ үй болса, бүгінгі таңда облыста 40 қонақ үй салынды, оның 188-і 8000 орындық, яғни күніне 8000 турист қабылдайтын мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жаңа қонақүйлердің құрылысына инвесторлар тарту, туристердің келуіне оңтайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. 

«Биыл карантиндік шаралар жеңілдегеннен кейін Түркістан қаласында бірқатар халықаралық іс-шаралар өтті. Оның ішінде алты елдің парламенттері өкілдерінің қатысуымен өткен ТүркПА сессиялары, түркітілдес елдер өкілдеріне арналған медиа-форумды атап өтуге болады. Туристік компаниялар мен түркітілдес елдердің БАҚ өкілдері, «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы және өзге де шаралар келушілер санының артуына ықпал еткен», деді облыс басшысы өз сөзінде. 

Атап өтейік, облыс туризм саласын үздіксіз дамыту арқылы 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 жарым млн. адамға арттыруды жоспарлап отыр. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Тәуелсіздіктің арқасында Түркістан өңірінде аса маңызды жобалар жүзеге асырылды
Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу