«Аяғым ауыр кезде үйден қуып жіберді»: Индира Расылхан алғашқы күйеуі жайлы

Oinet.kz 12-09-2021 4305

Танымал әнші Индира Расылхан бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Әнші аяғы ауыр кезде күйеуінің үйден сүйреп шығарып, қуып жібергенін, оның ел танитын азамат екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

Screenshot_7.jpg

Фотода күйеуі Асқармен

Индира алғашқы жұбайымен отау құрғанда небәрі 18 жаста болған. Өзінен 12 жас үлкен азаматқа сеніп қалған ол, тіпті екінші әйел болуға келіскен. Одан егіз қыздарды дүниеге әкелген. Алайда қыздар әкесімен мүлдем араласпайды екен. Әкесі оларды тек бір айлығында көрген.

"Келмеген, көрмеген, көрем демеген де. Аяғым ауыр кезде өзі қуып жіберді ғой. Аяғы ауыр әйелді үйден жетектеп шығарып жіберу үшін қандай қатігездік керек? Қазір сол кезім есіме түсіп... Ол кез өтті ғой. Сол кезде есіктің алдында отырып, бұл өмір осылай бітпейтін шығар деп ойладым. Бұл бітпейтін бір шырмауық сияқты боп көретін еді. Ол адамды неше жыл кінәладым. Жан тәніммен жек көрген, жақсы көріп сағынған кезім болды", – дейді Расылхан.

Айтуынша, қыздары 17-18-ге келгенде ол кісі хабарласып, екеуі кездескен. Әнші ойындағысын түгел айтып, ол кісіні ұрып жібергісі, тіпті өлтіргісі келген кездері болғанын жасырмады.

"Себебі, мен 18 жастағы өрімдей қызбын. Менің бүкіл жастық шағыма балта шапты. "Сен маған бала таппай-ақ қойшы, сенен туған бала маған керек емес” дейтін. Талай аяғына жығылған, жылаған кездерім де болды. Ер адамды баламен ұстау мүмкін емес екеніне көзім жетті. Әйел адам өзі үшін туады екен. Ер адамға әйел жақсы емес болса, бала да жақсы емес. Не өзгерткенін білмеймін. Ұрған кезде "мен сені өлтіріп қоймай түрған кезде, ішіңдегі балаларға зиян тимей тұрған кезде кетші, сен маған құбыжық болып көрінесің" деді", – дейді Индира. 

Әнші күйеуі ұрып, үйден қуғанда араша түскен ешкім болмағанын айтты. Себебі екінші әйел болғандықтан, көпшілік олардың ісін дұрыс санамапты. 

"Ажырасамын деп айтқан жоқ. Әйелдің келісімі болмаса да, әйелімен қарым-қатынасы жақсы еместігін білдім, естідім, бала-шағасы болды. Сенімен бірге тұрамын деді. Кейін екі жақта тұрамын, деді. Оған да көндім. Себебі, мен біреудің отбасын бұздым деп өзімді кінәлі сезінетінмін", – дейді Индира.

Бүгінде 20-дан асқан қыздар туған әкесін көргісі келмейді екен. Себебі үш жасынан бастап Индираның екінші күйеуі Асқарды әкем деп танып келген.

Ұлттық халық санағынан онлайн өте аласыз
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 3 088 жағдайы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу