Ұлттық халық санағынан онлайн өте аласыз

Oinet.kz 10-09-2021 859

Screenshot_3.jpg

Еліміз егемендігін алғалы 3 рет халық санағы өткізгелі отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазанда №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы « Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі.

Аудан әкімінің Өкімі № 224 09 наурыз 2021 жылы халықтың Ұлттық санағының жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылған. Ауыл округ әкімдері жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемелекеттік мекемелердің басшылары (келісім бойынша) 2021 жылы Ордабасы ауданы халықтың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету жүктелген.

Халық санағы 2021ж. I-кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер санымен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді.

ІІ-кезеңде халық 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz онлайн режимде санақтан әр бір азамат өтсе болады немесе 1-30 қазан аралығында әр бір үй шаруашылығына интервьюер барып сұхбат алады.

Осы орайда Ордабасы ауданындағы барлық білім саласының, денсаулық саласының, мемлекетттік қызметкерлердің ауданға бағынысты мекемелердің қызметкерлерін жалпы ауданның тұрғындарын онлайн санақтан отбасымен бірге өтуге шақырамын. Бүгінгі таңда онлайн санақтан өткен адам саны 1100 болды бұл көрсеткіш төмен, сондықтан барынша осы кезең ішінде әрбір азамат өзінің азаматтық борышын орындап онлайн санақтан өтеді деп сенім білдіремін халқыма.

Халық санағы ертеңін ойлаған өрісті ел үшін бұл міндетті әлеуметтік экономикалық және де тарихи үрдіс. Санақ қорытынды өткен жылдар ішіндегі елде болған демографиялық, мәдени әлеуметтік экономикалық тағы да басқа қоғамдық өлшемдердің даму дәрежесін көрсетеді. Сонымен бірге адами ресурстардың деңгейін, азаматтардың білімін, денсаулығын, тұрмыстық ахуалын, мемлекеттің интелектуалыдық әлеуетін белгілеп береді.

Ұлттық санақ 2021ж – науқанына ауданымызда халық көптен шоғырланатын жерлерге, Халыққа қызмет көрсету орталығына, орталық ауруханаға, аудандық әкімшіліктің, 10 ауыл округінің ғимаратына, онлайн санақтан өтуге арналған бұрыштар ашылды. Бұл бұрыштарда көмек көрсететін мамандар отырғызылды. Онлайн санақтан өту үшін, өзіңізбен бірге үйдің құжаттарының мәліметтерін, жеке басыңызды растайтын, отбасы мүшелерінің (ЖСН) нөмерлерін білсеңіз жеткілікті.

Сіз өзіңіз : -Sanaq.gov.kz сайтында;

-egov.kz электронды үкімет порталында;

-aitu қосымшасы арқылы.

Сіз үйде отырып осы электронды қосымшалар арқылы өте аласыз.

М.А.Шамшидинова,

Ордабасы ауданының статистика басқармасы басшысы

Тұрғын үй реформасын түсіндіру жалғасуда
«Аяғым ауыр кезде үйден қуып жіберді»: Индира Расылхан алғашқы күйеуі жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу