Тұрғын үй реформасын түсіндіру жалғасуда

Oinet.kz 10-09-2021 622

Screenshot_2.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүлік иелерінің бірлестіктерін немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаның жол картасы бекітілген.

Қазіргі таңда Шымкенттегі 4 ауданда көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру жоспарына сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Төрт аудан әкімдігінің жауапты мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, жаңа реформаның артықшылықтарын түсіндіруде. Осы бағытта бүгінгі таңға дейін әр ауданда тұрғындармен 300-ден аса жиналыс ұйымдастырылған. Кездесулерде көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшудің тиімділігі сөз болады.

Нәтижесінде мүлік иелерінің бірлестіктері мен жай серіктестіктер құрылып, қалалық Әділет департаментінде тіркеуден өтуде. Бүгінгі таңда дейінгі мәліметтер мынадай:

1. Әл-Фараби ауданы – 52 үй МИБ, 142 үй ЖС;

2. Қаратау ауданы – 9 үй МИБ, 210 үй ЖС;

3. Еңбекші ауданы – 6 үй МИБ, 185 үй ЖС;

4. Абай ауданы – 54 үй МИБ, 164 үй ЖС ретінде тіркелді.

Бұған қоса тұрғын үйге кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша қажетті хаттамалар тұрғындарға келісімге беріліп, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Шымкенттің 4 ауданында жастар орталығы ашылды
Ұлттық халық санағынан онлайн өте аласыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу