«Әйелім 7 жылдан бері қоларбаға таңылып отыр»: Әнші Нұрлан Абдуллин

Oinet.kz 24-06-2021 1645

Әнші Нұрлан Абдуллин ешқашан айтпаған сырын бөлісті. Әнші отбасындағы қиындықтар, балалары мен немерелері жайлы “Ер батыр” жобасында айтты.

Screenshot_4.png

Екі қызым, бір ұлым бар, төрт немерем бар. Оларға кәдімгі атамын. Арқалаймын, көтеремін, еркелетемін. Оларға әнші болсаң да, халық әртісі болсаң да бәрібір. Айтқанын істетеді. Мен оларды ойнатып жүріп рақаттанамын. Себебі бұрын үйде көп болмадым. Балаларымның тәрбиесіне көп көңіл бөле алмадым. Сондықтан немелеріме қарағым келеді.

Мен ешқашан ата-анама қарсы сөйлеп, дауыс көтеріп көрген емеспін. Әкем өмірден озарында маға разы екенін айтты. “Сен ешқашан маған жоқ демедің. Сондықтан саған рақмет” деді. Ата-анаға қарсы келуге болмайды. Соны көрген ұлым да маған қарсы келмейді. Мені тыңдайды. Маған қарсылығы жоқ, – деді ол.

Әнші жары Нағима ауыр дертке шалдыққанын да жасырмады.

Әйелім 7 жылдан бері арбада отыр. Ең алғаш Таиланда жүргенде денесі қозғалмай қалды.  Ол кезде мен жеке концертіме дайындалып жүргенмін. Солай концертімнен бас тартуға тура келді. Бірақ әйелім концертіңді өткіз деді. Сен менің емес, халықтың адамысың деді. Әйелім де мықты адам. Ауырып отырса да, әзілдейді. Көзінің түбі ауырып, содан емі табылмады, – деді әнші көзіне жас алып.

Ол әйелінің күтіміне қарайтынын және ол үшін ешкімнен арланбайтынын айтты.

Мен оған қасықтап тамақ беремін. Ыдыс жуамын. Үй шаруасын атқара беремін. Кейде оның құрбылары келіп таңғалады. Халық әртісі де ыдыс жуа ма дейді. Онда тұрған не бар? Жуу керек болса, жуамын. Мен сондай мектептен өткенмін. Бала күнімде әкем мектеп директоры, анам орынбасары болды. Таңнан кетіп, кеш келетін. Сол кезде екі қарындасыма өзім қарадым. Олардың тамағын пісіріп, жуындырып, киімін үтіктеп мектепке жіберетінмін. Оның бәрі өмірлік сабақ болды. Біреу маған мұқтаж болса, оны ешқашан тастап кетпеймін, – деді әнші.

Кітапхана жазғы лагерьге шақырады
Мирзияевтің құпия резиденциясы табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу