Мирзияевтің құпия резиденциясы табылды

Oinet.kz 18-06-2021 910

Ақпан айында Азаттықтың өзбек редакциясының тілшілері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің таулы өңірден салып жатқан резиденициясына қатысты журналистік зерттеу жүргізген болатын. 

Screenshot_2.jpg

Өткен аптада ғаламторда Алексей Гаршин есімді блогер осы резиденция туралы видео жариялады. Видеоны блогердің өзі түсірген. Гаршиннің айтуынша, ол таулы аймаққа арнайы сапармен барып, Мирзияевтің құпия болып келген резиденциясын түсірген. Бұған дейін демалыс орнын жұртшылық тек спутниктен түсірілген кескіндер арқылы да көріп келген еді. 

Блогер түсірген видеодан резиденцияның қасынан салынған жасанды көлді де байқауға болады. 

-Мен қазіргі биліктің екіжүзділігін көрсеткім келді. Егер мені осы сапарымда ұстап алса, бақытсыз жағдайдың құрбаны ете салар еді.  Алайда халыққа нақты айғақ көрсету үшін мен бәріне дайын болдым. Бұл дегеніңіз халықты ашық түрде тонау,-депті блогердің өзі. 

Кейбір сарапшылардың айтуынша, Мирзияевтің жаңа резиденциясының құрылысына қазынадан бір миллиард долларға дейін қаражат жұмсалған болуы мүмкін. Азаттық радиосының зерттеулерінен кейін Шавкат Мирзияев журналистерге берген сұхбатында «құпия резиденцияның» Өзбекстан темір жолдары компаниясына тиесілі екендігін мәлімдеген болатын. 

-Ол жақты ешкім тұрмайды, нысан бір адамға ғана тиесілі емес. Оған президенттің не қатысы болуы мүмкін,-деді Мирзияев. Алайда президент елге маңызды бір адам келсе, резиденцияға алып баратынын мойындаған. 

«Әйелім 7 жылдан бері қоларбаға таңылып отыр»: Әнші Нұрлан Абдуллин
Путин кісі өлтіруші ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу