Мирзиеев Жаңа Өзбекстанды құратын болды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тәртіпсіздіктер орын алған Нүкіс қаласына барып, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңес депутаттарымен кездесті.
Оның сөзінше, ел халқының парызы – бірлік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау.
"Конституциялық реформаның басты мақсаты – осы. Біз бірге міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды құрамыз. Осы бағыттағы барлық реформалар мен талқылаулар тек демократиялық жолмен іске асуы керек", – деп қосты ол.