Назарбаевтың атын өшіріп жатыр

Oinet.kz 04-07-2022 3329

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия атауынан алып тастауға дайындық жүріп жатыр.

Screenshot_1.jpg

Құжатқа сәйкес, енді Тұңғыш Президенттің стипендиялары мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар деп аталады. 

Құжатқа түсіндірме жазбада Жарлыққа түзетулер жобасы мемлекет басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшін әзірленгені атап өтілген.

"Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" атауын "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп өзгерту жөніндегі 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-03-12.59 тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді", – делінген президент жарлығының аясында әзірленген жобада.

Германия Литваға қысым көрсете бастады
Мирзиеев Жаңа Өзбекстанды құратын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу