Путин кісі өлтіруші ме?
- Президет мырза, сіз кісі өлтірушісіз бе?
АҚШ телеарналарының біріне сұхбат беріп жатқан Путинге журналист сұрақты осылайша төтесінен қойды. Алайда Ресей президенті жауаптан жалтарып кеткен.
Журналист алдымен бұған дейін АҚШ сенаторы Джон Маккейннің Путинді «киллер» деп атағанын, оның бұл сөзін АҚШ президенті Джо Байденнің мақұлдағанын алға тартқан.
-Қызмет барысында мен әр жақтан берілетін шабуылдарға үйренген адаммын. Мені мұндай жағдай таңқалдырмайды,-деді Путин. Бұдан кейін журналист Ресейде қастандықтардың құрбаны болған оппозиция өкілдерінің аты-жөндерін айта бастаған. Путин:
-Сіз көп адамдардың аты-жөндерін келтірдіңіз. Олар расында да қастандықтың құрбаны болғандар. Бірақ әр кезеңдерде, әртүрлі себептермен, әртүрлі адамдардың қолынан қаза тапқан,-деп жауап берді.
Бұл Путиннің соңғы үш жылда АҚШ ақпарат құралдарына берген алғашқы сұхбаты.