«Қыз бала ғылымды бірінші орынға қойса бақытсыз боп қалады» - абайтанушы (видео)

Oinet.kz 15-03-2021 1602

Белгілі абайтанушы Омар Жәлел қыз баланың негізгі мақсат-мұраты туралы баяндады. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Омар Жәлел.jpg

Оның сөзінше ғылымды бірінші орынға қойған қыз бақытсыз болады дейді ол. 

- Егер адам тек қана ғылымды бірінші орынға қоятын болса, ғылым жолында кетсе, ғылым жолында бәрін құрбарндыққа шалса өзінің жеке басы бақытсыз боп қалады. Бұл біздің қоғам үшін өте зиянды. Қыздың мұраты деген ұғым бар қазақта. Мұрат деген сөз мақсаты. Егер ол мақсатынан айнымаса ғылыммен айналыссын, депутат болсын, академик болсын құба-құп. Егер сол жаратылыс мақсатын, мұратын құрбандыққа шалатын болса біздің қоғам үшін зиянды - деді Омар Жәлел. 

Сәкен мен Мағжанды атуға қанша уақыт кетті? - академик жауап берді (видео)
Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қаза тапты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу